Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мадридтік "Реал" Алматы халықаралық әуежайына түнде қонды. Әлемнің ең танымал футбол клубтарының бірі Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әуежайда корольдік клубты мыңдаған жанкүйер күтіп алды. Тіпті қазақтың дәстүрлі аспаптарында Чемпиондар лигасының әнұраны орындалып, футболшыларға бауырсақ ұсынылды. Клубтың ресми әлеуметтік желілерінде әуежайдағы сәттерден суреттер жарияланды.
Ақпарат көздерінің дерегінше, "Реал Мадридтің" рейсін онлайн режимде 22 мыңнан астам адам бақылаған. Алайда футболшылар жанкүйерлердің ыстық ықыласына қарамастан, бірден қонақүйге жол тартты.
30 қыркүйек күні Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы тарихи матч өтеді.
Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 21:45-те басталады.
Кездесуді "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.