Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ресей Еуроодақтан мерген мылтықтар алып отыр
Жаңалықтар

Ресей Еуроодақтан мерген мылтықтар алып отыр

12.12.2024
1 мин
1
522
Сурет: wikipedia

Ресей Еуроодақтың 2024 жылы енгізген эмбаргосына қарамастан, көрші елдер арқылы Батыс компаниялары өндірген мыңдаған мерген мылтықтары мен миллиондаған оқтар сатып алып отыр. The Insider басылымының Чехиядағы Investigace.cz, Италиядағы IrpiMedia және Қазақстандағы “Власть” сайтының бірлескен зерттеуі осы жағдайды растайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Зерттеу барысында журналистер Еуроодақ, АҚШ және Түркия компаниялары соңғы жылдары Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға қару-жарақ жеткізілімін арттырғанын анықтаған. Бұл елдерге жыл сайын ондаған мың қару жеткізіледі.

- Армения, Грузия, Қазақстан және Қырғызстанға экспорт көлемі соңғы үш жылда екі жарым есе өсті: 2020 жылы 19 556 ұңғы жеткізілген болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 53 211-ге жетті, – деп көрсетілген зерттеуде.

Зерттеу нәтижелері бойынша, Италиядан Арменияға қару экспорты соңғы төрт жылда шамамен 30 есе артқан: 2019 жылы 68 дана қару жеткізілсе, 2023 жылы 1862 данаға жеткен. Қырғызстан Италиядан 2020-2021 жылдары қару сатып алмаған, бірақ 2022 жылы 882 дана қару сатып алып, 2023 жылы оның саны 4434-ке жеткен. Түркиядан Грузияға да қару жеткізу көлемі артқан: 2019 жылы 8426 дана, 2023 жылы 18 843 дана.

Люксембургтегі Beretta холдингі Ресеймен байланысы бар ең ірі қару шығаратын компания ретінде анықталған. 2024 жылдың маусымында Beretta-ның ресейлік импорттаушысы АҚШ қаржы министрлігінің санкциялар тізіміне енгізілді. Беретта холдингі санкцияларға қарамастан, Ресей компаниясының негізгі иесі болып табылады.

The Insider мәліметінше, Ресейдің азаматтық және әскери саласындағы мергендер Ресейде шығарылған емес, Батыс елдерінде өндірілген мылтықтар мен оқтарды пайдаланады. Бұл Қырымдағы Ангар полигонында өткен мергендер жарысының құжаттарымен расталады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ж
Жанна 12.12.2024
Қазақстанның Барлық жұмыскерлерінің жалақысы көтерілсін
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл