Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Республикалық автожолдардың бір бөлігі ақылы жүйеге көшірілді
Жаңалықтар

Республикалық автожолдардың бір бөлігі ақылы жүйеге көшірілді

06.01.2026
мин
0
99
Сурет: kazinform

Елімізде республикалық маңызы бар жолдар ақылы бола бастады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

2026 жылдан бастап Қазақстанда республикалық маңызы бар бірқатар автожол ақылы режимге көшеді. Бұл шешім жол инфрақұрылымын сапалы деңгейде ұстау және жөндеу жұмыстарына тұрақты қаржы көзін қалыптастыру мақсатында қабылданды.

Қазір ел аумағында 4,9 мың шақырымнан астам автожол ақылы негізде жұмыс істейді. Келер жылдан бастап бұл желі кеңейеді. Ақылы жүйе енгізілетін бағыттар қатарында төмендегі елді мекендер кіреді.
Қарағанды – Балқаш,

Бұрылбайтал – Күрті,

Ақтөбе – Қандыағаш,

Талдықорған – Өскемен,

Атырау – Астрахань және Меркі – Шу жолдары бар.

Барлық учаскелер алдын ала жөнделіп, қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілген. 2026 жылы жол жүру ақысының тарифтері өзгермейді. Төлем мөлшері көлік түрі мен салмағына байланысты есептеледі. Жолақыны алдын ала төлеу тиімді саналады.

Сонымен қатар төлем жасау мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылды. Кейбір жол учаскелері жөндеу жұмыстары кезінде уақытша тегін болуы мүмкін.

Ақылы жолдарға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары үшін жеңілдіктер сақталады. Жеңіл көлік иелері жылдық абонементті 4 325 теңгеге сатып ала алады.

Тарифтердің өзгеріссіз қалуы мен төлем жасау мерзімінің ұзартылуы жүргізушілерге қолайлы жағдай жасаса, ал жиналған қаражаттың тікелей жол күтіміне бағытталуы қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл