Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада Сарыарқа және жаңа Нұра аудандарының әкімдері тағайындалды
Жаңалықтар

Елордада Сарыарқа және жаңа Нұра аудандарының әкімдері тағайындалды

12.04.2023
1 мин
0
579

Бүгін президент Әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Сарыарқа және жаңа Нұра аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Бауыржан Ералы Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.

«Сарыарқа – өте ерекше аудан, елорданың тарихи орталығы. Сондықтан, ондағы тұрғындардың талабы аз емес. Жаңа әкім Бауыржан Ералы «Нұр бесік» шағын ауданындағы проблеманың нүктесін қоюы керек. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Ал 2022 жылдан бері күні бүгінге дейін Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарған Жүсіп Жұмағұлов жаңадан құрылған Нұра ауданын басқарады.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Сарыарқа ауданында «Нұр бесік» шағын ауданының үлкен проблемасы болды. Бұл мәселе 16 жыл бойы шешімін таппай жүрген. Жүсіп Рахатұлы осы мәселенің шешу жолдарын тауып, өткен аптада сотпен және прокуратурамен келісіп, жұмыстарды бастап кетті. Оның да өз алгоритмі бар, тамыз айының соңына дейін бұл проблема шешіледі деп жоспарлап отырмыз. Аудан үшін бұл ең жақсы шешім болды, сондықтан мұны Жүсіптің үлкен жеңісі деп санаймын. Жаңа Нұра ауданында да мәселелер аз емес, оның ішінде «Үркер» тұрғын алабы бар. Барлық мәселені депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеп шешуге болады деп ойлаймын», - деді елорда әкімі.

Астана қаласының мәслихаты әкімдерді тағайындауға келісімін берді.

Фото: Ашық дереккөзден

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл