Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ІIM орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Санжар Әділовтың айтуынша, қазір қылмыстық істің материалын прокуратура қарап жатыр.
– Шерзаттың ісі прокуратурада қаралуда. Алдағы күндері, осы аптада іс сотқа келеді деп күтеміз. Олар негізгі сот ісін жүргізетін судьяны анықтайды. Кейіннен сот түсініктеме берсе дұрыс болады деп ойлаймын, - дейді Санжар Әділов.
Министрдің орынбасары ол негізгі сот талқылауы қашан басталатынын нақты айта алмады.
Санжар Әділов сонымен қатар, Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын, ол істе ешкім күдікті ретінде танылмағанын айтады.