Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2020 жылдың шілде айында 1 миллионға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық үшін төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 миллион адамды қамту жоспарланып отыр.
Еліміздегі крантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау барысында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімі кеңейтілген. Арақашықтықты сақтау және COVID-19 індеті таралуын болдырмау мақсатында жиынтықтар азаматтарға ақшалай аударылды.
Санаттағы бес әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып есептеледі:
Көмектің алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.
Осы жылдың наурыз-мамыр айларында бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге 1 миллион адамға есептелді.
Тағы көру