Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
№86 Шымкент - Астана пойызында жолаушы әйел қыз босанды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз бастығы Гүлшат Қарақұлова мен жолсерік Анар Адамбаева жолаушының аман-есен босануына көмектесті.
21 қазанда сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді. Оның анасы күйеуімен Шымкенттен Астанаға бара жатқан.
Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.
Айта кетейік, соңғы 3 жыл ішінде жолаушы тасымалы компаниясының пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.