Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында алып сәби дүние есігін ашты. Нәрестенің салмағы - 6 келі, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сәбидің салмағы 6 келі 50 грам, бойы 63 см болыпты. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Перзентханада бес күн жатып, үйіне оралған оларды дәрігер әлі де бақылауда ұстауда.
«Шымкент қалалық перзентханасында тәулігіне 30-35 нәресте өмірге келеді. Сондай арпалыс күндердің бірінде жедел жәрдем қызметкерлері жүкті келіншекті алып келді. Оның жүктілігі 39 апта екен. Тексеру барысында іштегі баланың салмағы үлкен екендігін анықтадық. Содан дәрігерлер кеңесе келе ота жасадық. Барлығы сәтті өтті» - дейді Шымкент қалалық перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері Жарқын Данияров.
Фото: ашық дереккөзден