Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шымкент қаласында автобус кәмелетке толмаған қызды қағып кетті. Оқиға 22 ақпан күні таңғы сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Дәрігерлердің сөзінше, қыз жабық бассүйек-ми жарақатымен балалар ауруханасына жатқызылған. Миы шайқалған, маңдай аймағы көгерген, кеуде қуысы және қабырғасы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, қызға операция қажет емес.
"2005 жылы туған науқас, ЖКО орнынан №1 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, онда оған КТ және ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Ол қазір қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды. Травматикалық пунктте науқасты реаниматолог, нейрохирург қарап, миының жабық жарақаты диагнозымен нейротравматологияға жатқызылды", - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Фото: видеодан кадр