Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"СҚ-Фармация" басшылары мен қызметкерлері қанша жалақы алады?

09.08.2020
1 мин
0
1216

"СҚ-Фармация" ЖШС қызметкерлерінің жалақысын айтты.

Компанияның баспасөз қызметі редакция жолдаған сауалға жауап ретінде штат кестесіне сәйкес шегерімдерді есептемегенде келесідей жалақы қарастырылғанын хабарлады:

  • менеджерлер 200 мың теңгеден;
  • бас менеджер 350 мың теңгеден;
  • қызметкерлерді әкімшілік басқарушы 450 мың теңгеден;
  • басқарма мүшелерінің, оның ішінде, басқарма төрағасының жалақысы 750 000 теңгеден басталады.

"Даму жоспарын нақтылауға сәйкес 2019 жылдың екінші жартыжылдығында штат саны бес адамға көбейді, жоспарланған еңбекақы қоры азайды. Бүгінде қаржылық есепте аудит жүргізіліп жатыр, ол аяқталғаннан кейін Мемлекеттік мүлік порталында 2019 жылға арналған даму жоспарының орындалуы еңбекақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар бойынша ақпарат орналастырылады", - делінген хабарламада.

1 жылдың 2020 шілдесіндегі жағдай бойынша "СҚ-Фармация" штатында 150 қызметкер бар. 

Барлық қызметкер жоғары білімді, оның 29 пайызында екі не одан көп білім бар. Компаниямен еңбек қатынасында тұрған 123 қызметкердің ішінде:

59 адамның (48 пайыз) фармацевтикалық, медициналық білімі бар;

33 адамның (27 пайыз) экономикалық білімі бар;

11 адамның (9 пайыз) техникалық білімі бар;

18 адамның (15 пайыз) заң білімі бар;

2 адамның (1 пайыз) қоғаммен байланыс саласында білімі бар.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл