Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сталкинг: жеке шекараны қорғауға бағытталған заң күшіне енді
Жаңалықтар

Сталкинг: жеке шекараны қорғауға бағытталған заң күшіне енді

16.09.2025
мин
0
111

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды қадам болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл заңдағы басты жаңалықтардың бірі – сталкинг үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Сталкинг – бұл зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау әрекеттері.

Сталкингке мынадай іс-әрекеттер жатады: айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсу, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру.

Енді мұндай әрекеттер үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстарына тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған. Заң әрбір адамның жеке кеңістігіне құрметпен қарау қажеттігін айқындап, психологиялық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алуға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл