Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Субсидия жағдайы: жылқыдан жырып, шошқаға берді ме?
Жаңалықтар

Субсидия жағдайы: жылқыдан жырып, шошқаға берді ме?

11.06.2020
2 мин
2
2568

Қазақ қашанда ата кәсібі жылқы өсіруді басқа шаруашылықтан жоғары қояды. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігі 140 мың теңге көлеміндегі субсидияны жылқыға емес, шошқаға бөлетіні көпшілікті қынжылтты. Осы жағдай кешеден бері желіде қызу талқыға түсті.

Министрлік мәселенің мәнісі жылқы етінің көбіне ішкі нарықта ғана сұранысқа ие болуында деп түсіндіреді. Ал шошқаға шетелден де сұраныс бар. Десе де, ол мемлекет тарапынан жылқы шаруашылығына көмек көрсетілмейді деген сөз емес. Жылқы саны мемлекет жасаған субсидия мен қолдаудың әсерінен кеңес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе көбейіп, жыл басындағы мәліметтерге сәйкес, 2,9 миллионға жеткен.  

Мемлекет асыл тұқымды айғырларды сатып алғандарға басына 100 мың теңгеден, бие сүтін өндірумен айналысатындар үшін литріне 60 теңгеден субсидия бөледі. Жыл сайын асыл тұқымды жылқының аналығының жем-шөбіне 20 мың теңге қаражат және жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған жабдық-техникаларды алуға  инвестициялық субсидия (өтеу үлесі – 25%) да беріледі. Сондай-ақ лизинг пен несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 10% субсидиялау қарастырылған. 2019 жылы соның арқасында 4,7 мың жылқы фермасы мемлекет қолдауын пайдаланды. Онымен қоса, жылқыны 10 жылға дейін 6 пайыздық несие алу арқылы сатып алуға болады.

Ал шошқа шаруашылығына оралар болсақ, қазіргі уақытта аталған салада тек екі субсидия бар. Себебі 2018 жылдан шошқа етін өндіруді субсидиялау қысқарған. Оның үстіне, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханның айтуы бойынша, бұл субсидияны былтыр жалғыз шаруашылық қана пайдаланған. Аталған шаруа қожалығы шетелден 6 шошқа әкеліп, 840 мың теңге алған көрінеді. Сондықтан министр Facebook парақшасында «тиімсіз субсидия» туралы босқа байбалам салудың қажеті жоғын айтады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің шошқа санына қатысты мәліметі бойынша, 1991 жылы Қазақстанда шошқа басы 2,9 миллион болса, 2018 жылы 800 мыңды құраған.

Десе де, экспорттың өсуіне байланысты елімізде шошқа санының артуы байқалады. 2017 жылы Қазақстан экспортқа 300 тоннаға жуық шошқа етін шығарса, былтыр шетелге 800 тонна шошқа еті сатылды. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Н
Нұрзат 12.06.2020
Ақ білектің күші мен ақ найзаның ұшымен қорғалған далам ақ құлақтың табанымен тапталмасын, бабадан қалған байтақ дала атын айтудың өзі жиіркенішті мақулық қа қор болмауы керек! Экспорттан пайдаға қарық болсақ мұнай мен ақ байлық қа белшемызден батып қалар едік, басқа барымызды бағалап, пайдаға жаратып алсақ та жеткілікті, тап осы шаруашылық пен экономикамызды шарыктатпай ақ қояйық. Біз жұрт не қажет етеді деп емес, өзіміз дәмін көрген дүниені басқалармен де бөлісіп өзіміз ге бренд қалыптастыра білуіміз керек!
Жауап беру
Н
Нурсултан 12.06.2020
Шошқа бағыныздар. Шошқада пайда көп. Бир Иванды жалдап баққызу керек . Сен тек акша санайсың
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл