Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Түскі екідегі дерек бойынша, Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Dauletten.kz Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 бірлік техника жұмылдырылған.
11 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілді, жалпы көлемі 410 тоннаны құрайды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 263 рет су төгілді, жалпы көлемі 590 тоннаны құрайды. Әуеден барлау нәтижесінде жекелеген учаскелерде орманның төменгі бөлігінде өрт байқалады. Сағат 10.30-дан 11.00-ге дейін өрт болған жерде аздаған жаңбыр жауды.
фото: gov.kz