Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Универ Капитал" ИК нарығы департаментінің атқарушы директоры Артем Тузов "Прайм" агенттігіне берген сұхбат барысында қор нарығы инвесторға да, алыпсатарға да бай болудың жеткілікті нұсқаларын ұсынатындығын айтты.
Оның айтуынша, бірінші кезекте инвестицияны қай бағытта жасау керегін түсінетін қаржылық сауаттылық қажет. Екіншіден, әр азамат өз қаражатын тиімді басқару үшін қаржылық тәртіп керек. Дәл осы дағды қажетсіз несие алу мен "жалақыдан жалақыға дейін" өмір сүру ұстанымдарын бұзады.
"Кіріс мөлшерінің 10-20%-ін болашаққа жинай отыра, инвестиция көзін тауып, қажетті капиталды құруға болады", - дейді маман.
Сондай-ақ, үнемі ізденіс пен білім алу дағдысы инвестицияның жаңа түрлерін зерттеуге, қаржылық қабілеттерді арттыуға әкеледі.
Төртіншіден, тәуекелдерді түсіну, жағдайды саралау, кіріс пен шығыс арасында тепе-теңдік маңызды.
"Сонымен, бесінші дағды дұрыс басымдық беру мүмкіндігі болуы керек. Отбасылық өмір мен денсаулыққа зиян келтіре отыра, байлық бақыт әкелмейтінін ескеру керек", - деп түйіндеді Тузов.