Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы тарихи орындар мен ескерткіштердің топ бестігін ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда 25 000-нан аса тарихи-мәдени мұра ескерткіші бар. Оның ішінде 10 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде, 12 463 ескерткіш республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесіне ие. Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта тағы 5 тарихи ескерткішті ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосуды жоспарлап отыр.
фото: balalaralemi.kz
Әмір Темірдің басшылығымен XIV ғасырда салынған кесене халқымыз үшін киелі орын саналады. Ясауи кесенесінің маңына 24 хан, сұлтан мен 57 батырдың, 18 бидің сүйегі жерленген.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген кесененің биіктігі – 39 метр. Ғимарат бір бірімен түрлі дәліздер арқылы жалғасып жатқан 35 бөлмеден тұрады. Орталық бөлмеде көне жәдігер – Тайқазан орналасқан.
фото: twitter.com
Көне дәуірден сыр шертетін Таңбалы тастар еліміздің аса маңызды тарихи мұраларының бірі. Ол – Орта Азиядағы жартастағы өнердің ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген тұңғыш ескерткіш.
Таңбалы кешеніндегі петроглифтердің 4000 жыдық тарихы бар. Ал суреттердің жалпы саны 5000-ға жуықтайды.
фото: ticketon.kz
Қойнауы құпияға толы Ақыртас сарай кешені VII-XII ғасырларда салынған. Қабырғаларына қаланған тас блоктарның әрқайсысының салмағы бір тоннаға жуық. Кейбір қашалған тастардың салмағы 10 тоннадан асады.
Ғалымдар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретінтін кешенін араб деректерінде кезігетін, Ұлы Жібек жолы бойындағы Касрибас қаласы деп топшылайды.
Аумағы 2,5 гектар жерді алып жатқан бұл нысанның 70-ке жуық бөлмесі, 15 колонна галереясы, кіреберіс қақпалары, ортада жарты гектар ашық алаңы болған.
фото: twitter.com
Ешбір шегесіз салынған бұл мешіт 1887-1892 жылдар аралығында бой көтерген. Құрылыс жұмыстары Бейжіңнен шақырылған қытай маманы, инженер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілген.
Кешеннің жалпы жобасына бас қақпа, кіші мешіт, медресе, үлкен жұма мешіті, күйдірілген көк кірпіштен қаланған дуал қоршау кіреді.
фото: e-history.kz
Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ойып жасалған өрнектердің көркемдігі мен сан түрлілігі жағынан басқа мемориалдық-дәстүрлі ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Кесене туристерді тек ерекше сәулетімен ғана емес, Айша бибі мен Қарахан арасындағы шексіз махаббат хикаясымен де қызықтырады.
фото: twitter.com