Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Трамп АҚШ-та Қазақстанның Ұлттық қорына ұқсас қор құруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
АҚШ президенті тиісті жарлыққа қол қойды, бұл тәуелсіз әл-ауқат қоры еліміздегі Ұлттық қордың аналогы деуге келеді. Ақ үй басшысының айтуынша, бұл қор болашақта TikTok сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін.
– Біз бұл қорды алдағы 12 айдың ішінде құруды жоспарлап отырмыз. Бұл америкалық баланстың активтерін ел халқының игілігі үшін монетизациялау мақсатында жасалғалы отыр, - деді Трамп.
АҚШ президенті бұған дейін де мемлекеттік инвестициялық қор құру туралы ұсыныс білдірген болатын. Қордың нақты қалай жұмыс істейтіні және қаражаттың қалай тартылатыны әлі белгісіз. Сарапшылар оның қаржыландыруды тарифтер есебінен жүзеге асыруы мүмкін екенін айтады.