Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Трансвеститтер клубына барған қызылордалық мұғалімдер жұмыссыз қалды
Жаңалықтар

Трансвеститтер клубына барған қызылордалық мұғалімдер жұмыссыз қалды

16.01.2024
1 мин
0
321

Педагогтар шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап еткен, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Видеодағы Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Шет тілін меңгерген мамандар Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарған. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған. Қарамағындағы қызметкерлердің мұндай әрекетке барғандығы мектеп басшылығын да есеңгіретіп тастаған көрінеді.

«Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің "магистр" атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды», - деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
288
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл