Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 2018 жылғы жүргізілген статистика бойынша, Қазақстан 201 елдің ішінде 78-ші орында тұр. Яғни 100 мың адамның 68-і осы дерт бойынша тіркелген, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Осы орайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі туберкулезден сақтану жолдары мен профилактикасын жариялады.
Туберкулез - қауіпті инфекциялық ауру. Онда әртүрлі ағзаларға (өкпе, бүйрек, ішек, сүйектер мен буындар, ми қабықтары) әсер етеді.
АДАМ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН:
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұзаққа созылған жөтел және дене температурасының 37 және 37,5ᵒС дейін көтерілуі, түнде терлеу, аз жүктеме кезінде ентігу, қан түкіру.
НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ:
Жыл сайын дәрігерге бару, флюрографиядан өту, балаларды БЦЖ вакцинациялау, денені қатайту, спортпен шұғылдану, дұрыс калориялы, байытылған тамақтану, еңбек пен демалыстың ұтымды режимі, жаман әдеттерден бас тарту, гигиена ережелерін сақтау.