Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Түркістандық оқушы «Ақылды сөмке» ойлап тапты
Жаңалықтар

Түркістандық оқушы «Ақылды сөмке» ойлап тапты

18.07.2023
2 мин
0
603
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Түркістандық оқушы өзі жүретін «ақылды сөмке» жасап шығарды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сөмкені иесі пультпен басқарып жылжыта алады. Қисық жол мен шоқалақтан да оңай өткізуге болады. «Төрткүл» жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек өзі ойлап тапқан сөмкені сабаққа ұстап, көпті таңқалдырды. Оған бұл ой мұқтаждықтан туған. Айтуар 1 жыл бұрын жол апатына түсіп, күрделі ота жасалады. Дәрігерлер ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тиым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан.

Сабақта қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығар жол іздеп тапты. 

«Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. 

Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барамын. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектеседі», - дейді Айтуар.

Айтуардың бұл идеясын анасы да қолдап, дизайннына мән береді. Ұлы ойлап тапқан тапқан сөмкенің сырт пішінін жасауға көмектескен. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені одан әрі дамыту үстінде, сатыдан өзі шығатын механизм жасап, өнімін сатылымға да шығару ойында бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл