Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазіргі уақытта Абай облысында тартылған күштер мен құралдармен өртті сөндіру жалғасуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ТЖМ-нің хабарлауынша, өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы ауа температурасы 23-28 градус, солтүстіктен соққан желдің секундына 7-12 метрге жетеді, жауын-шашынсыз.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.
Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ға жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды.
Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түскен. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.
«Қазгидромет» АҚ-ның 14 маусымға арналған ауа-райы болжамы өңірдің жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С болатынын жариялады.
15 маусым күні де жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С болмақ.