Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Карантин режимін жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр. Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында тапсырма берді.
Үкімет басшысының айтуынша, коронавирустан жазылып шыққан науқастар саны 73,6 пайызды құрады.
"Елімізге қабылданған шаралар нәтижесін көрсетті. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастауды тапсырып, мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді сұраймын", - деді Мамин.
Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, індеттің өсімі карантиннен кейін 1,15 деңгейінен 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апта ішінде 100 мың адамға шаққанда науқастардың саны да айтарлықтай азайған.