Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) демократиялық процестердегі рөлі маңызды деп танылады, сондықтан олар қоғамда мемлекет пен бизнеске тең үшінші сектор болып саналады.
Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) дегеніміз бұл – мақсаты табыс табу емес, ресми (үкіметтік) институттардың қатысуынсыз жеке тұлғалар және/немесе басқа да қоғамдық (коммерциялық емес, ҮЕҰ) ұйымдар құрған және өз қызметін жарғы негізінде және өз қаражатына жүзеге асыратын ұйым. ҮЕҰ-ның меншікті қаражаты оның мүшелерінің жарналарынан және тартылған қаражаттан (жеке және корпоративтік қайырымдылықтардан, жеке және мемлекеттік гранттардан, ҮЕҰ құзыреті саласындағы жұмыстарды орындауға тапсырыстардан және т.б.) құралады.
Жалпы, дамыған елдердің тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаһандық үрдістер белсенді азаматтық қоғам күшті, орнықты, құқықтық және демократиялық мемлекет қалыптастыру үшін негіз болып табылатынын растайды. Осыған байланысты Қазақстандағы Азаматтық ресурстық орталықтардың қызметін нығайту және кеңейту өзекті болып отыр. Халықтың тығыздығы төмен, ауыл халқының едәуір үлесі және көптеген ҮЕҰ-ның ұйымдастырушылық тұрақсыздығы жағдайында бұл орталықтар аумақтарды дамыту және азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы үшін маңызды инфрақұрылымдық элементке айналды.
Азаматтық ресурстық орталық ҮЕҰ базасындағы қызмет ретінде азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық белсенділікті жандандыру және азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуына ықпал ететін орта құру үшін әртүрлі ресурстар мен қызметтерді ұсынады. Жұмыс істеу принципі бізге белгілі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ЦОН) сияқты. Яғни ҮЕҰ бір жерден бірнеше қызмет түрін ала алады.
2000-2005 жылдары іске асырылған ресурстық орталықтардың әлеуетін арттыру жөніндегі бағдарламалардың арқасында АРГО, "ЗУБР" КО, "ЭКОЦЕНТР" ҚБ, "Десента" ҚҚ, "КАМЕДА"ҚҚ сияқты ресурстық орталықтардың функцияларын толық немесе ішінара орындайтын орнықты коммерциялық емес ұйымдар пайда болды.
Астанада 2019 жылдан бастап "КАМЕДА" қоғамдық қоры Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған Азаматтық (ресурстық) орталықтардың жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету" жобасын іске асыруда.
Астана қаласының Азаматтық бастамалар орталығы ҮЕҰ құру және дамыту саласындағы сапаны жақсарту, тиісінше азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында құрылған.
Астана қаласының азаматтық бастамалар орталығының (АБО) қызметтері:
Өткізілген қажеттіліктерді бағалау нәтижелері бойынша:
Астана тұрғындары үшін Азаматтық бастамалар орталығында көрсетілетін барлық қызметтер тегін.