Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімі жарияланды
Жаңалықтар

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының тізімі жарияланды

23.07.2021
1 мин
0
1450

Нұр-Сұлтан қаласында құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер, яғни алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі:

  • «BS Company» ЖШС (Би Эс Компани)
  • «White Gold Development» ЖШС
  • «General Capital Company» ЖШС
  • «Dicoldi Partners» ЖШС
  • «Асыл тас инвест construction» ЖШС
  • «International invest Company IIC» ЖШС
  • «Transcapital» ЖШС
  • «АзияЦентрСнаб» ЖШС
  • «Азия» ЖШС 
  • «NUR-Tas-2020» ЖШС
  • «Строительная фирма Astana Building» ЖШС
  • «Белая гора» ТҚК
  • «Градум Строй» ЖШС
  • «Техмонтажстрой» ЖШС 
  • «Байтас инвест» ТҚК
  • «Ер-Тау» ЖШС
  • «БестМет» ЖШС
  • МТС құрылыс компанияларының тобы
  • «KENAR Invest» ЖШС
  • Хасенова Бибисара Закириевна
  • «Жер Билдинг» ЖШС
  • «Арзан 777» ЖШС
  • «РДМ-СЕРВИС» ЖШС
  • (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)
  • «Елімай сити» ТҚК
  • (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)
  • «Mainstreet» ЖШС
  • «Береке Қурылыс 2030» ЖШС
  • «Astana Real Estate Сомраnу» ЖШС
  • ASTI Group Құрылыс компаниялары тобы 
  • «Астана – Таза су» ЖШС
  • «Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС
  • «Garant Investment» ЖШС
  • «Аруана - ХХI» ЖШС

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл