Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Үлкен қаржымен, сәлемдемелермен жұмыс істейтін болғандықтан, ұрлық болып тұрады - Әсел Жанасова
Жаңалықтар

Үлкен қаржымен, сәлемдемелермен жұмыс істейтін болғандықтан, ұрлық болып тұрады - Әсел Жанасова

04.12.2024
1 мин
0
249
Сурет: igraphic.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Қазпошта басшысы Әсел Жанасоваға Қазпоштадағы ұрлыққа қатысты сұрақ қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дәулет Мұқаевтың сөзінше, "Қазпошта" қызметкерлері арасында сәлемдемелерді ұрлау дерегі жиі кездеседі.

"Қазпошта" қызметінде қызметкерлер арасында ұрлық бары жасырын емес. Түрлі тауарлар ұрланып жатады немесе бағалы тауарды өзге тауарға айырбастап жіберетін бірнеше қылмыстық оқиға болды. Заң жобасы аясында сондай қызметкерлерге қандай жауапкершілік артылады немесе қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қандай да бір жұмыстар жүргізіле ме? - деп сұрады депутат.

"Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрайымы Әсел Жанасова депутаттың сауалына жауап берді.

Үлкен қаржымен, сәлемдемелермен жұмыс істейтін болғандықтан, ұрлық болып тұрады. Бірақ осы бағытта қатаң қадағалау функцияларын, бейнебақылау камераларын енгіздік. Цифрландыру деңгейін көтердік. Ұрлық деңгейін төмендету - клиенттер алдында біздің парызымыздың бірі, - деді Әсел Жанасова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл