Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коронавирус эпидемиясы аясында дамитын келешегі бар еңбек салаларын атады, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Олардың көпшілігі онлайн қызметпен және қашықтықтан жұмыс істеумен байланысты.
Қазақстанда қазірдің өзінде экономиканың түрлі саласында өзгерістер болып жатыр, деп атап өтті министр.
"Біздің ойымызша, қазіргі цифрлар мен үрдістер мынадай экономикалық бағыттардың болашағы бар екенін білдіреді: ішкі туризм, онлайн-сауда, көлікпен жеткізу, транзит, IT сала, қызмет көрсету, әсіресе медициналық және білім беру қызметі", - деді Дәленов онлайн форматта өткен халықпен есеп беру кездесуінде.
Тұтастай алғанда, оның айтуынша, цифрландыру, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін қолдану Қазақстанда белсенді түрде қолданылады және экономикалық қызметтің барлық саласына енеді.
"Сонымен бірге, өсімнің дәстүрлі драйверлері: мұнай мен металдар өндірісі төмендейді, өйткені қазіргі жағдайда шикізат нарығындағы сұраныс күрт өзгеріп жатыр", - деді Дәленов.
Агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өндірісі үлкен сұранысқа ие. Дәленов бұл сала қазақстандықтарды "орасан зор жұмыспен" қамтамасыз ете алады деп сендірді.