Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде басқа мемлекеттің азаматтығын алған 90-нан астам Қазақстан азаматын ұстады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың басынан бері Шекара қызметі шекарадан Қазақстан және басқа мемлекеттің азаматтығы бар 91 адамның заңсыз өтпек болғанын анықтады.
- Ұсталғандардың ісі процессуалды шешім қабылдау үшін полиция органдарына берілді, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылы мемлекеттік шекарада қос азаматтыққа қатысты 1 190 дерек тіркелген. Бұл құқықбұзушылықтардың басым бөлігі жақын шетелден келген азаматтарға тиесілі.
ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың 300 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен елден шығарып жіберуге әкелетінін еске салды. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының басқа мемлекеттің азаматтығын алуы олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуына тікелей негіз болатыны атап өтілді.