Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтарға әлеуметтік желілерде алаяқтар тарапынан жалған хабарлама тарап жатқаны жайлы ескерту жариялады.
Алаяқтар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, жинақтағы соманы есептеп беру қызметін ұсынып, карта нөмірлерін білуге тырысады.
«БЖЗҚ мұндай спам-жіберілімнің Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады», - делінген хабарламада.
Қор мамандары байланыс нөмірлері арқылы азаматтардан жеке деректерді алмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға ақпаратты тек ресми желілерден тексеруге кеңес береді.