Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағының
Жаңалықтар

Зейнетақы жинағының "жеткілікті шегі" неліктен күрт өсті – БЖЗҚ жауабы

03.12.2021
1 мин
60
7505

Ең төменгі жеткілікті шек 2022 жылдан бастап өзгереді. Егер 2021 жылы 20 жастағы салымшы үшін жеткілікті шек мөлшері 1 710 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 3 140 000 теңге болады.

Әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшері әрбір жасқа жеке есептеледі және болашақта зейнетақы төлемі мен зейнетақы жарнасының өсетіні (индекстелуі) ескеріледі. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады.

"Осыған байланысты ең төменгі жеткілікті шек мөлшері аталған көрсеткіштердің жыл сайын өсуін ескере отырып есептеледі", - деп түсіндірді БЖЗҚ.  

Сондай-ақ әдістемеге сәйкес ең төменгі жеткілікті шек мөлшерін анықтау кезінде Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы және Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша жыл сайынғы негізде қабылданатын көрсеткіштер пайдаланылады.

"2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өседі) 2022 жылға ең төменгі жеткілікті шек мөлшері де көбейтілді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді. Ол азаматтарға  зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Бұл құқықты зейнетақы жинағының сомасы ең төменгі жеткілікті шектен асатын салымшылар пайдалана алады.

2021 және 2022 жылдардағы шекті мөлшерлерді БЖЗҚ сайтынан көре аласыз.

2022 жылға есептелген жеткілікті шек:

  • 20 жас – 3 140 000 теңге,
  • 21 жас – 3 250 000 теңге,
  • 22 жас – 3 370 000 теңге,
  • 23 жас – 3 490 000 теңге,
  • 24 жас – 3 610 000 теңге,
  • 25 жас – 3 730 000 теңге,
  • 26 жас – 3 860 000 теңге,
  • 27 жас – 3 980 000 теңге,
  • 28 жас – 4 110 000 теңге,
  • 29 жас – 4 240 000 теңге,
  • 30 жас – 4 370 000 теңге,
  • 31 жас – 4 510 000 теңге,
  • 32 жас – 4 640 000 теңге,
  • 33 жас – 4 780 000 теңге,
  • 34 жас – 4 920 000 теңге,
  • 35 жас – 5 060 000 теңге,
  • 36 жас – 5 200 000 теңге,
  • 37 жас – 5 350 000 теңге,
  • 38 жас – 5 490 000 теңге,
  • 39 жас – 5 640 000 теңге,
  • 40 жас – 5 790 000 теңге,
  • 41 жас – 5 950 000 теңге,
  • 42 жас – 6 100 000 теңге,
  • 43 жас – 6 260 000 теңге,
  • 44 жас – 6 420 000 теңге,
  • 45 жас – 6 580 000 теңге,
  • 46 жас – 6 750 000 теңге,
  • 47 жас – 6 920 000 теңге,
  • 48 жас – 7 090 000 теңге,
  • 49 жас – 7 260 000 теңге,
  • 50 жас – 7 430 000 теңге,
  • 51 жас – 7 610 000 теңге,
  • 52 жас – 7 790 000 теңге,
  • 53 жас – 7 970 000 теңге,
  • 54 жас – 8 150 000 теңге,
  • 55 жас – 8 340 000 теңге,
  • 56 жас – 8 530 000 теңге,
  • 57 жас – 8 720 000 теңге,
  • 58 жас – 8 920 000 теңге,
  • 59–62 жас – 9 120 000 теңге.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
60 Пікір
А
Алтынай 12.12.2021
Жалғасы: Бұл бұрынғы БЖЗҚ ндағы сомаға айтылған пікір. Ал жаңа бекітілетін қордағы сомасына СӨЗІМ жоқ
Жауап беру
А
Алтынай 12.12.2021
Таң қаламын. 20 жастағы бала студент болса. Онда айына зейнетақы қорына ай сайын 142 500 тг қайдан салсын. Ал оларға БЖЗҚ нда 1 710 000 болу керек екен. Сол кезде жаңа бітірген жас маман айлығы қанша болу керек. Сол жағын есептеді ма екен өзі? Әлде бар баламыз әкім, депутат болу керек па? Олай болса басқа жұмысты кім жасайды? Осыған жауап бар ма екен...
Жауап беру
У
Улжан 06.12.2021
Жалғасы: тенгені алып, сол 60000 мыңнан зейнетақы қорына біраз ақша жинағаннан соң өсірседе жарар еді ғой.
Жауап беру
У
Улжан 06.12.2021
Менің жеке пікірім зейнетақының шектік деңгеін 2022 жылдан төменгі айлық (42500 ден 60000) деңгейінің өсуіне байланысты деп өзгерткені дұрыс емес, алдымен халық сол 60000
Жауап беру
А
Алмагуль 05.12.2021
Неге осы жалақыны не болмаса күн көріс деңгейін осылай өсіреді екенін жылда адамдарда бұндай шектік ке дегенін жалақы алмайды ғой
Жауап беру
Н
Нуржан 04.12.2021
Уакыт бериниздер неге увидеть тез..халык акшасы квартал или жыл сайын кобейеди
Жауап беру
Р
Рахила 04.12.2021
Әлеуметтик комектин не катысы бар? Әлеуметтик комек 42500 тг ден 60000 тг кобейсе пенсионкага 2-3 миллиондар оздери куйылмайтын шыгар енди? Ешким ай сайын 1 млн зарплатага жумыс жасап журген жок, оздеринин алып журген акшаларында ала алмай кыстартуга тусип калып отыр гой халыктын кобиси, карапайым халыктын ишинде 100/1 гана ИП ашкан касипкер шыгар солардын салымдарына карап орташа жалакыны 300-400 мын шыгару оте кате есеп
Жауап беру
Д
Динара 04.12.2021
Недеген сұмдық 47 келсекте 3 миллионды да жинай алмадық мен сияқты қаншама адамдар да ала алмай жүр !Заводт та 17 жылдан астам жұмыс істегенде жиналмады? Сонда ол ақшаны қай уақытта жинап үлгереді деп отыр?! Біз миллиондап ақша таппаймыз?а
Жауап беру
К
Куралай 05.12.2021
Зейнетакы корында акша мулдем жок болар, сол бермеудің амалы гой,
Жауап беру
Г
Гульназ 04.12.2021
Ең болмаса "Отбасы банкке" аударып алуымыз керек еді. Желтоқсанда аударуға болады деп үміттеніп жүргем. Өтірікшілер. Балық басынан шіриді.....
Жауап беру
А
Аксауле 04.12.2021
Отиниш уакыт бериниздер...айлык еобиеди десе сол айда бермейди 6 айдан сон..бул жарлыкка да уакыт бериниздер ОТИНИШ
Жауап беру
А
Айгүл 04.12.2021
Почти 50 %косып койыпты неге онда айлыкты пособияны солай 50%ке кобейтпейди ондай кезде акша акша санап калады халыктын калтасындагы акшаны санап асып кепесин деп енди неге халыктын калтасымен санаспайды,депутаттар оз калталарына карап шыгарады ау дим да занды
Жауап беру
М
Мамешова Нағима 04.12.2021
Сегіз миллионды қой кезде жинаймыз, жасымыз елу алтыда, өмір бақи зинетке шығалмайтын сияқтымыз ғой
Жауап беру
Д
Дана 04.12.2021
Айлықтың түрі мынау, 30 жасымызда қайдан 4 миллион болсын.
Жауап беру
М
Маржан 04.12.2021
41 пайызға өссе. 83 % пайызға өсіріп салған ғой. 20 жастагы 2411100тг болу керек епеспе
Жауап беру
Л
Лаура 04.12.2021
Депудаттардың ,өздерінің пенсионныйы жететін шығар. 16 жыл стажым бар,пенсинныйым 1млн ға жетпеді. Кімдер алады, өздері ғана алмаса
Жауап беру
М
Маржан 04.12.2021
Тупизм гой,соны есептеп отырғандар тупые все
Жауап беру
Г
Гулбахар 04.12.2021
Көриниб турған науқасты групаға шығармайды келиб турған табыс жоқ пəтер жалдаб турамын бес ай болды инвалд арбада отырм партал да бермиди жаным қыйналған сəте экстрный барыб жатамын емханаға жалғызбастымын тоғыз жылдан бери пəтер жалдаб турамын қазир пəтер ақысын береалмаған соң пəтерди босат деб жатыр қайда барамын билмим жоғарыда отырған ел башылар неге ойламайды ауыр жумыс жасаб науқас болдық жарымаған айлықа жумыс жасадық бизге ел азаматары көмек бермесе қайда барамыз
Жауап беру
Л
Лаура 04.12.2021
Алла сабыр берсін деп отырабереміз,басқа амал жоқ.
Жауап беру
Г
ГУЛБАХАР ИЗБАСТИЕВА 04.12.2021
Мен 20 стажым бар жасым 52 де мениң фондымда 1 милонға жетбеди қазир инвалд арбада отырм инвалд група да алалмай отырм бүл қалай болды
Жауап беру
Ж
Жанна 04.12.2021
Сонда 20-жастағы бала 3млн140м қалай,қайдан алады деп ойлап жасаған екен? Ондай суммасы болу үшін бала туған нан бастап жұмыс жасау керек шығар? Қарапайым жұмысшының өзінде 15-20жылдық стажымен мұндай сомасы жоқ. Соны неге ойламайды?
Жауап беру
А
Айым 04.12.2021
Кешке дейін қара жұмыс жасап тиын темен
Жауап беру
А
Айым 04.12.2021
Қарапайым халықты бұлар ойламайды да. Көзі тойбастың, өзі тоймас
Жауап беру
А
Айым 04.12.2021
Өздеріне заңды шығарып, ақшаларын шешіп алды. Енді заңды ауыстыру керек басқалар алмас үшін деген әңгіме.
Жауап беру
А
Ақтоты 04.12.2021
Дұрыс болмаған екен, 7000000-ға жетем дегенше, әлі 10 жылдай уақыт керек. Қарапайым халықтың жағдайын ескеру керек еді.
Жауап беру
Ж
Жаухар 03.12.2021
Сонда, 15000 косып, шести молодёжи 3млн.га арттыра ма
Жауап беру
А
Алия 03.12.2021
Оңбағандар-ай, қай миларымен айтып отыр? 20 жастағы жастар қалай 3-миллион теңге жинайды? Менің жасым 58-де, 35-жыл мұғаліммін, мен ондай ақшаны жиған жоқпын ғой, халықтың көз жасы жібермейді! Оңбаған өкімет! Зейнет жасын ұзартқаны аздай! Алла тағала бір өзіңе тапсырдық, біздің қолымыздан ештеңе келмейді! Өзің жар бола көр!
Жауап беру
М
Марал 03.12.2021
Аилык аз калаи толтырады жастар мига кирмеиди
Жауап беру
Г
Гүлбану 03.12.2021
Моласына алып кетема осы үкімет бізден алған ақшаны .Өз халқын қаңғыртқан Қазақстан.
Жауап беру
Н
Нұргүл 03.12.2021
Менің айтар сөзім жоқ қуады дегеннен басқа аузыма соз түспеді.
Жауап беру
Г
Гүлсара 03.12.2021
Бұл қарапайым халықты қанау сияқты ғой. Үкімет ақша бермеудің амалы ғой.
Жауап беру
А
Айгерім 03.12.2021
31 жасқа дейін декретте отырдым 4,6мың тұрмақ 460мыңға да жетпейді. 12 сағаттық айлық табыс қаншы тг болады сонда
Жауап беру
А
Айгерім 03.12.2021
31 жасқа дейін декретте отырдым 4,6мың тұрмақ 460мыңға да жетпейді. 12 сағаттық айлық табыс қаншы тг болады сонда
Жауап беру
Г
Гулшира 03.12.2021
Халык сол зинетакынын устиндеги акшага уи алгысы келет аилыкты кобиткени курсын тамак кымбат газ бензин кымбаттады халыкты тонау баска не деимиз
Жауап беру
Б
Бакытгуль 03.12.2021
Бул жоба басынанак белгили болган, карапайым халыкка арналмаган екены, сондыктан басты ауыртудын кажеты жок.
Жауап беру
Б
Буайда 03.12.2021
Айтарға сөзім жоқ қара халқтың жағдайын ойлайтын басшы жоқ президентіміз қайда қарап жатыр
Жауап беру
З
Зауре 03.12.2021
Ай қатырады алатын ақшаны 2 лимондап өсіріп алады бізден, беретін ақшаны 200₸ көбейтеді. Молодцы
Жауап беру
Г
Гулжан 03.12.2021
Булар адейи халык алмау ушин жасап отыр гой. Артылатын сомманы миллиондап котерип тастаган. Жогарыда отыргандар алмаса, карапайым халык калай жетеди оган. Карапайым халыктын айлыгы миллионнан жогары сиякты кай жактарымен есептейди мисыздар.
Жауап беру
А
Айдана 03.12.2021
Асып олтиретін кісі жокта,баска не айтамыз !
Жауап беру
А
Айгүл 03.12.2021
Жасым 44-те. 2007 жылдан жұмыс істеп келемін, еңбек өтілім 14 жыл, зейнетақы қорында 2 млн. 257 мың теңге ғана бар. 20 жастағы жастар зейнетақы құйған былай тұрсын, жгмыс таппай жүр. Біздің жасқа шектік мөлшерін 6 млн-ға көтеріп тастаған. Түсінбедім...
Жауап беру
М
Мая 03.12.2021
"2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылғандықтан (атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өседі) 2022 жылға ең төменгі жеткілікті шек мөлшері де көбейтілді", - делінген хабарламада. БРАВО! СӨЗІМ ЖОҚ!
Жауап беру
М
Майра 03.12.2021
Міндетті деп ұстап отыр он пайыз,ол ақшамыз инфляцияға ұшырап, түкке пайдасыз болып қалады,соған неге кепілдік бермейді,немесе жеңілдіктер???шектеуді екі еселеп жатыр,соған сай еңбекақы неге екі еселенбейді???кіммен келісіп,халықтың пікірін тыңдадыма?неліктен уақытты тығыздатып жіберді,алдын ала ескертпестен,мүмкін біреулер емделетін болар?
Жауап беру
К
Кундыз 03.12.2021
Туризм какой-то
Жауап беру
К
Кундыз 03.12.2021
Тупизм
Жауап беру
Г
Гүлзайнат 03.12.2021
20 жаста қайдағы 3 миллион болады, оқуын жаңа аяқтаған бала.жасымыз 34 те болсада 2 миллионға жете алмай жатырмыз, айлықтың аздығы
Жауап беру
Г
Гүлзайнат 03.12.2021
Мен Денсаулығыма байланысты алайын деп барып көріп едім,1 миллион екен, тағы 3 миллионды қайдан салам көп балалы декретте отырған Анамын
Жауап беру
Ж
Жасулан 03.12.2021
18 жаска толган адам жумыска кабылданса 700-800 мын тенгеден астам жалакы алу кереккой сонда, студенттер 5-7 жыл окып битирген сон калай болад сонда ..... айтвсоз жок
Жауап беру
А
Акниет 03.12.2021
20 жасында пенцинныйда 3.000.000 болу ушин мектепке бармай сразу жумыска туру керек сияктыго
Жауап беру
Б
Бота 03.12.2021
Енді жастарға жұмыс болмауы дурыс кой,ана мен әкенің зейнет жасын 63 етіп койса ол байғұстар соқырақтап журедігой жұмыс орындарыннан кете алмай.Шет елде оқып келген басшылардың ойлап тауып отырғаны мынау.Ауыл қазағының жағдайы өте қиын екенің көздерімен коріп барса түсінер еді.Жылы креслода отырып айту оңай,қара халыққа мына жағдай өте қиын.Аналардың пенсия жасын 58 етуін сураймын
Жауап беру
Б
Бота 03.12.2021
Енді жастарға жұмыс болмауы дурыс кой,ана мен әкенің зейнет жасын 63 етіп койса ол байғұстар соқырақтап журедігой жұмыс орындарыннан кете алмай.Шет елде оқып келген басшылардың ойлап тауып отырғаны мынау.Ауыл қазағының жағдайы өте қиын екенің көздерімен коріп барса түсінер еді.Жылы креслода отырып айту оңай,қара халыққа мына жағдай өте қиын.Аналардың пенсия жасын 58 етуін сураймын
Жауап беру
Б
Бота 03.12.2021
Енді жастарға жұмыс болмауы дурыс кой,ана мен әкенің зейнет жасын 63 етіп койса ол байғұстар соқырақтап журедігой жұмыс орындарыннан кете алмай.Шет елде оқып келген басшылардың ойлап тауып отырғаны мынау.Ауыл қазағының жағдайы өте қиын екенің көздерімен коріп барса түсінер еді.Жылы креслода отырып айту оңай,қара халыққа мына жағдай өте қиын.Аналардың пенсия жасын 58 етуін сураймын
Жауап беру
Б
Бота 03.12.2021
Енді жастарға жұмыс болмауы дурыс кой,ана мен әкенің зейнет жасын 63 етіп койса ол байғұстар соқырақтап журедігой жұмыс орындарыннан кете алмай.Шет елде оқып келген басшылардың ойлап тауып отырғаны мынау.Ауыл қазағының жағдайы өте қиын екенің көздерімен коріп барса түсінер еді.Жылы креслода отырып айту оңай,қара халыққа мына жағдай өте қиын.Аналардың пенсия жасын 58 етуін сураймын
Жауап беру
Б
Бота 03.12.2021
Енді жастарға жұмыс болмауы дурыс кой,ана мен әкенің зейнет жасын 63 етіп койса ол байғұстар соқырақтап журедігой жұмыс орындарыннан кете алмай.Шет елде оқып келген басшылардың ойлап тауып отырғаны мынау.Ауыл қазағының жағдайы өте қиын екенің көздерімен коріп барса түсінер еді.Жылы креслода отырып айту оңай,қара халыққа мына жағдай өте қиын.Аналардың пенсия жасын 58 етуін сураймын
Жауап беру
Н
Нурай 03.12.2021
Пенсия пособие көтергенде 5 % әрең қосвп жатыр, ал мынаған келсек 100_120% қосып тұр оңбағандар
Жауап беру
Г
Гуля 03.12.2021
Масқара заман не болып барады.Аналарды 63 жас етіп койды,ол жасқа жете алмай кетіп жаткан қаншама аналар бар?Елдің жағдайын ойлайтын басшылар болмаса онда олар не үшін отыр,таратып жіберу керек.Мынау енді маскара,сұмдық
Жауап беру
Д
Даурен 03.12.2021
Бул барп турган сумдыккои,керысынше пенсионканын баре беред деп оиласам ны
Жауап беру
Д
Дархан 03.12.2021
Ендеше халықтың еңбек ақысын көтерсін.жирма жастағы адамда қайдағы үш миллион өкімет халықты ақымақ санамасыншы.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл