Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдау басталды
Жаңалықтар

Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінім қабылдау басталды

18.04.2022
1 мин
33
13252

Субсидиялау бағдарламасының 17 000 қатысушысы «Отбасы Банк» АҚ-нан өтінім беру процесін тестілеуге қатысу туралы SMS-шақырту алды. Сәуір айының ішінде олар онлайн режимде өтінім тапсырып, банк мақұлдауын алулары қажет. Оны otbasybank.kz порталында («Баспана маркет» маркетплейсі) «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде жасау керек. 

Өтінімдер қабылданатын және өңделетін сандық платформа – бірегей, оның Қазақстанда баламасы жоқ.

Алғашқы өтінімдер жолданған кезде қателіктер болуы мүмкін, оларды IT мамандар тез арада жойып отыратын болады. Отбасы банк бұл жағдайларға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасының шарттарына сәйкес келетін барлық қазақстандықтар мамыр айында otbasybank.kz платформасында өтінім бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер;

- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

- көп балалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36 018 теңге 01.01.2022 ж. жағдай бойынша) аспауы тиіс.

– 2022 жылы азаматтарымызды қолдауға 50 млрд теңге қарастырылған. Оның 40 млрд теңгесін республикалық бюджеттен алу көзделсе, 10 млрд теңгесін жергілікті әкімдіктер бөледі. Бюджеттен қаржыландыру мамыр айында күтілуде. Жаңа бағдарлама шамамен 70 000 адамды қамтымақ, олар жалдау ақысының 50% алады. Қазақстандықтар қысқа мерзімде, кезексіз өтінім берулері үшін біз бүкіл процесті онлайн режиміне аудардық», - деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Субсидия алуға өтінімдер электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады. Сондықтан азаматтар оны алдын ала алулары немесе қолданыстағы ЭЦҚ-ның жұмыс істеп тұрғанын тексерлері керек. 

Тағы бір талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар, Отбасы банк клиенті болуы тиіс. Жинақ шоты жоқ азаматтар бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasy bank» мобильді қосымшасы арқылы оны аша алады.

Ізінше субсидия алуға үміткер otbasybank.kz порталында тіркеліп, жеке кабинетінде өтініш жаза алады.

Ол үшін, ең алдымен, төлемдерді алу туралы өтінішке қол қояды және жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді. Құжаттарға қол қойылғаннан кейін жүйе деректерді өңдеп, отбасының құрамын анықтайды. Содан кейін кәмелеттік жасқа толған әрбір отбасы мүшесі otbasybank.kz сайтында «қонақ» ретінде тіркеліп, ЭЦҚ арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу келісіміне қол қоюы керек. Осыдан кейін жүйе деректерді қайтадан тексеріп, өтініш берушіге субсидия алуға келісім береді немесе себебін түсіндіріп, өтінішін кері қайтарады. 

Егер өтініш мақұлданса, хабарламада жалға алу аймағы, пәтер ауданы, жалдау ақысының максималды мөлшері мен қатысушыға тиесілі ең жоғары субсидия көлемі көрсетіледі.

Осыдан кейін «Пәтер иесі туралы деректер» бөлімінде өтініш беруші жалға берушінің ЖСН немесе БСН көрсетуі керек және осы сәттен бастап процесс жалға алынатын тұрғын үйдің иесі қосылатын екінші кезеңге өтеді.

Баспананы жалға беруші де otbasybank.kz сайтында ЭЦҚ арқылы тіркеліп, «Жалға алу ақысын субсидиялау» бөлімінде деректерін растайды. Сондай-ақ жеке деректерді жинау және өңдеу туралы өтінішке қол қойып, жалға берілетін пәтердің кадастрлық нөмірін және қаражат аударылатын 20 сандық шотты көрсетуі керек. Осыдан кейін жүйе жалдау шартын және төлем кестесін жасап шығады, оған тараптар ЭЦҚ арқылы қол қояды. 

Субсидия алуға өтініш беруші жалдау шартын тіркегені үшін 4 810 теңге көлемінде мемлекеттік баж төлейді. Содан кейін оның жеке кабинетінде төлем кестесі бар жалдау шарты пайда болады. 

Жалдамалы баспананы қазақстандықтар өздері іздейді.

Отбасы банк жалдамалы тұрғын үй субсидиясын жалға алу келісімшартының мерзімі аяқталғанша, ай сайын аударып отырады. Құжаттың күшін мерзімінен бұрын жоюға, сондай-ақ жаңа үй иесімен келісімшарт құруға рұқсат етілген. Бұл жағдайда otbasybank.kz порталында өтініш беру процесі қайтадан жасалады.

Отбасы Банк жыл сайын субсидия алушылардың шарттарға сай келуіне мониторинг жүргізіп, төлем тәртібін ай сайын қадағалап отырады. Ал жергiлiктi әкiмдiктер жалдамалы үйлер мен онда тұрып жатқан азаматтарды кемiнде тоқсанына бiр рет тексеретiн болады.

Баспананы жақын туыстардан және жұбайлардан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан жалға алуға, сондай-ақ қайта жалға өткізуге тыйым салады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
33 Пікір
У
Урзия 28.04.2022
Көп жалға берушілер бұған көнбейді .Шынымен халыққа жаны ашыса сұранатынып бізге де үй таңдауға рұқсат берсін 1бөлмелі лай там болса да өз үйімізге төлеп құтылайық.
Жауап беру
Б
Балауса 28.04.2022
Саламатсызба! Менын мүмкіндігі шектеулі кызым бар еды цонда кезекке тыркелып койып едым мен кезексыз ала алам ба?
Жауап беру
А
Аиса 25.04.2022
Менин уш балам бар жалгыз басты анамын жалдамалы патерде турамынозим жумыс жасамаимын
Жауап беру
Ш
Шынар 25.04.2022
Сәлеметсіз бе. Биз бугин бардык. Көп балалы ата анамыз. Барлык условиесин орындалып. Енди отбасы банкке барып тапсырмау менин личный кабинетимде турган уйдин субсидиялау деген кнопка жок. Шыкпай тур . Местный Исп.органга барыңдар деди .оған бардык.олар биздин сайт емес билмеймин деди. Содан кайттан отбасы банкке барлык. Олар тек смс барған адамдар ғана отип жатыр дегендей болды. Сонда калай халыкты ириктеп кабылдайдыма? Тусинбедим.
Жауап беру
А
Арай 26.04.2022
Сізге смс келген беді?
Жауап беру
А
Айжан 21.04.2022
Мумкундиги шектеули 4 жасын кызым бар одан болек еки балам бар кв турамыз уиге тиркелеик тиркелей деп барып едик кабылдап жаткан жок деп кайтарып жиберди.кимге сенемиз.айтеуир комек береди деп шыгарат.жеме жемге келгенде ала тондарын ала кашат.солар Оз калталарынан толеитиндеи.накты жауап берсениз оте керемет болар еди.рахмет
Жауап беру
А
Алтынай 21.04.2022
Мен мүгедек бала асыраушы жалғыз басты анамын
Жауап беру
А
Алиынай 21.04.2022
Мен мүгедек бала асыраушы жалғыз басты анамын
Жауап беру
Н
Нұрзия 20.04.2022
Бізде де үй жоқ көп балалымын анда мнда үй жалдап жүрміз үйге биыл тұрдық кезекке
Жауап беру
Ж
Жадыра 20.04.2022
Мен көп балалы жалғыз басты анамын 6 балам бар
Жауап беру
А
Айзат 19.04.2022
Мен мугедек бала асыраушы жалгыз басты анамын.
Жауап беру
Н
Нурлыбек 19.04.2022
Жакдайым орташа
Жауап беру
Г
Гулназ Елеусыз 19.04.2022
Мен мугедек бала асыраушы жалгыз басты анамын.
Жауап беру
Ж
Жанар 19.04.2022
Қазіргі уақытта ешкім үйін заңды түрде беріп жатқан жоқ. Қалай болар екен?
Жауап беру
Ж
Жазира 19.04.2022
Мен уй кезегыне турками деймын озымнын 5балам бар
Жауап беру
А
Алтын 19.04.2022
2012ж .үй кезегінде тұрып,арендный үй алдық,2021 ж,бұл сол арендный үйге қатысы барма? Өзім 2гр.инв.толық емес отбасы
Жауап беру
А
Алтын 19.04.2022
Арендный үйде тұратындарға қатысы бар ма?
Жауап беру
А
Айтоқын 19.04.2022
Салеметсізбе! Куйеуім екінші топтағы мүгедек сол кісіге болады ғой бірақ ол куіс уй кезегіне турған жоқ. Не істесек болады?
Жауап беру
А
Алтынгуль 19.04.2022
толык емес отбасы ала алама уш кызымен турам петер жалдап 10 жыл болды
Жауап беру
М
Мен Иркитбаева Майнұр 18.04.2022
Одан да 50%төлеп берсе екен отбасы банк нақты сатып алып тұрғанға
Жауап беру
Г
Гуля 18.04.2022
Кимдерге тесили
Жауап беру
Ж
Жадыра 18.04.2022
Мемлекеттен алған арендалық уйге қатысы барма?
Жауап беру
Ф
Фарида 18.04.2022
Зейнетақының шекті суммасын тағы жоғарылатып тастады
Жауап беру
Ф
Фарида 18.04.2022
Сәлеметсіздер ме, неліктен жалғызбасты аналарға көмекті қарастырмайды, қай депге барсам да, сіздерге мемлекет тарапынан еш көмек жоқ,-деп шығарып салады?..
Жауап беру
А
Асель 20.04.2022
Йа жалгызбасты Анага киынырак, бирак комек жок хотя бы жильё жагынан комек болса гой
Жауап беру
Ф
Фарида 18.04.2022
Сәлеметсіздер ме, неліктен жалғызбасты аналарға көмекті қарастырмайды, қай депге барсам да, сіздерге мемлекет тарапынан еш көмек жоқ,-деп шығарып салады?..
Жауап беру
К
Карлыгаш 18.04.2022
Жолдасымның растайтын табыс көзі жоқ .
Жауап беру
Г
Гүлжан 18.04.2022
Бұл жобаның мемлекеттен алып отырған арендный домға қатысы бар ма, жауап қайтарсаңыз алдын-ала рахмет.
Жауап беру
Л
Лаура 18.04.2022
Үйді жалға алып әрең отырған отбасыда қайдағы депозит? Тағы да тиесілі адамдар алмай қалталылар қампайады деші
Жауап беру
М
Манат 18.04.2022
Салем, мен алтын алқалы анамын бұл бағдарламадан гөрі бізге үйді 50%жеңілдікпен берсінші түбі өз атымызда қалатын.Құрметті Дәулет мырза пікірлер оқылып,жауап бересіз ба осы жайды көтерсеңіз екен мына қымбатшылық заманда 7-баламен үй салу түгілі тапқанымыз тамақтан артылмайды
Жауап беру
Н
Назгуль 18.04.2022
Инвалид баламен отырмын табыс көзі жок не істеимиз
Жауап беру
Ф
Фариза 18.04.2022
Сонша қиындатып жіберіпті ғой, содан соң күн көріс деңгейі өскен жоқ па?
Жауап беру
Ф
Фариза 18.04.2022
Сонша қиындатып жіберіпті ғой, содан соң күн көріс деңгейі өскен жоқ па?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл