Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жалған банкроттық берген қарағандылық кәсіпкер сотталды
Жаңалықтар

Жалған банкроттық берген қарағандылық кәсіпкер сотталды

14.07.2023
1 мин
0
353
Egemen.kz

Қарағанды облысында серіктестік басшысы банкроттық рәсімінде мүлікті жасырғаны үшін 1 жылға сотталды, деп хабарлайды Dauletten.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша 2020 жылғы қарашада «А» ЖШС 114 миллион теңгеден астам берешегіне байланысты банкрот деп танылды.

Әдейі банкроттық белгілерін және борышкердің төлем қабілетсіздігіне (дәрменсіздігіне) әкеп соққан әрекеттерді анықтау тәртібіне сәйкес Қарағанды облысы бойынша МКД серіктестік қызметіне талдау жүргізіп, қасақана банкроттықтың бар белгілері туралы қорытынды жасады.

«А» ЖШС заңға қайшы әрекеттер жасап, мүлікті жасыру арқылы 71 миллион теңгеден астам сомаға ЖШС балансында тұрған тауарлық-материалдық қорларды есептен шығаруды жүзеге асырды.

Осы факті бойынша «А» ЖШС басшысы мен жалғыз құрылтайшысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «А» ЖШС лауазымды тұлғасы маусым айында ҚР Қылмыстық кодексінің 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарда 1 жыл мерзімге ұйымдық-өкімдік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкімі шығарылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл