Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жамбыл облысында жастарға арналған «Әулиеата жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы басталады.
Жаңа бағдарламаны Жамбыл облысының әкімдігі мен Отбасы банк бірлесіп жүзеге асырады.
Жоба бойынша жасы 35-тен аспаған: жас мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер, мәдениет саласының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар, журналистер, университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер баспаналы бола алады.
Баспана алуға 13 млн теңгеге дейін заем беріледі (егер мүліктің құны одан асатын болса, сатып алушы айырмашылықты өз қаражаты есебінен төлей алады). Бастапқы жарна – 5%, несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%), несиенің төлем мерзімі – 19 жылға дейін.
Бағдарламаға қатысушылардың Жамбыл облысы аумағындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген кезде соңғы 12 айдан кем болмауы тиіс. Табысы да ескеріледі. Отбасының әрбір мүшесі үшін ол 3,9 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (145 817 теңге). Сондай-ақ бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Өтінімдерді қабылдау www.e-jambyl.kzпорталында 20 шілде күні басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Одан әрі қатысушылардың тізімі жасалып, Отбасы банкк жіберіледі. Банкте үміткер төлем қабілеттілігін тексеріп, нарықтан пәтер табуы қажет. Баспананы алғашқы немесе екінші нарықтан және «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігімен салынып жатқан нысандардан сатып алуға болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыстың 35 жасқа дейінгі 7 140 тұрғыны баспана кезегінде тұр. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 318 азамат пәтер алды. Биыл «Әулиеата жастары» бағдарламасы тиімді шарттармен тұрғын үй алудың тағы бір қосымша құралы болады.
«Жамбыл облысының әкімдігі жаңа жобаға 500 млн теңге бөлді, ал Отбасы банк жеңілдетілген шарттармен несие беруге көмектеседі», – дейді Отбасы банк Жамбыл облыстық филиалының директоры Гүлзат Бекназарова.