Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін сағат 05:04-те Жаңаөзен қаласында екі кіреберісті, 12 пәтерлі, 2 қабатты тұрғын үйдің 2-ші кіреберісіндегі пәтерінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы жарылып, 150 ш.м. аумақ зақымданған, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиғаның салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі қираған. Өрт орын алған жоқ, (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).
«Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.
Жарылыс салдарынан 3 пәтер зардап шекті. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Аумақ үйіндіден тазартылуда. Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда. ТЖД жедел штабы мен сенім телефоны жұмыс істеп тұр.
«Сағат 08:30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08:30-ға дейін 13 адам зардап шекті, оның ішінде 1 мәйіт табылды, 5 адам ауруханаға жатқызылды, 7 адам үйіне шығарылды» делінген баспасөз мәліметінде.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Жаңаөзендегі жарылысқа байланысты жедел штаб құрылды.