Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады
Жаңалықтар

Жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі - сенат заң жобасын қабылдады

17.09.2021
1 мин
34
12117

Парламент сенаты азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы мүгедек адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, еңбек ардагерлері және басқа да санаттарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді көздейді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов заң жобасының басты жаңашылдықтарына тоқталды.

Күтушілерге жаңа жәрдемақы төленеді

Министрдің айтуынша, барлық I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылған.

"Бүгінде I топтағы мүгедектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдемақысымен де, жеке көмекшінің қызметтерімен де қамтылмаған, яғни, басқа адамның көмегіне зәру. Олар өз бетімен жүре алмайтын мүгедек жандар. Заң жобасын қабылдау нәтижесінде күтім жасау жәрдемақысымен қосымша 24 мың адам қамтылады", – деді Шәпкенов.

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,40 мөлшерінде жәрдемақы төлеу көзделіп отыр.
Айта кетері, биыл ең төмен күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге. Яғни жаңа жәрдемақының мөлшері 48 мың теңгені құрайды.

Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан беріледі

Заң жобасында 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектік тобын беру нормасы бар.
Мүгедек балалардың барлық тобы үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-тен 37%-ке дейін көтеріледі. Бұл шара 30 мыңнан астам мүгедек баланы қамтиды.

Екі жәрдемақыны қатар алады

Сондай-ақ, Шәпкеновтің айтуынша, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығы беріледі.

"Бүгінгі таңда мүгедектігі бар бала ата-анасы ажырасқан кезде, алиментке қоса мүгедектігі бойынша жәрдемақыны қатар алады. Алайда ата-анасының біреуі не екеуі де қайтыс болғанда, бала тек қана мүгедектігі бойынша немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алады. Жәрдемақының екі түрін тағайындау ата-анасынан айырылған балаларға қатысты кемсітетін норманы алып тастауға және асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедек балалар бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

Бұл норма енгізілгеннен кейін 2 мыңнан аса бала мүгедектігі бойынша жәрдемақыға қоса, асыраушысынан айырылу бойынша да жәрдемақы алады.

Баспана кезегі

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін де тұрғын үй кезегінде тұру құқығы сақталады. Қазіргі кезде ондай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жылға дейін тұрады. Бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй берілмесе, мүгедектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Ал жаңа норманың арқасында 20 мыңнан астам отбасы тұрғын үй кезегін сақтай алады.

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедектігі бар баланы күту кезеңін 16 жастан 18 жасқа дейін ұзарту көзделген. Ол зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы тағайындау кезінде оң әсерін тигізеді.

Еңбек жарақатынан мүгедек болғандарды оңалту

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – еңбекте мертігуден мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалту, техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл кәсіпорын банкрот болған жағдайда қолға алынады.

Ал бүгінде, министрдің айтуынша, жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, олардың міндеттемелерін мемлекет өзіне алады.

"Бұл ретте айта кететін мәселе – кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдер жүргізілгенде, кейбір жағдайларда бұл рәсімдер бір жарым жылға дейін созылады. Осындай жағдайда мүгедектігі бар адамдар оңалту-техникалық құралдарды алу мүмкіндігінен айырылады. Сол себепті осы норма енгізіліп отыр", - деді Шәпкенов.

Бұл екі мыңға жуық адамды техникалық құралдармен және оңалту қызметімен қамтуға мүмкіндік береді.

Парламент сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Алимент төлемеген жағдайда не істеу керек?
2623 адам
жауапкершілікке тарту керек 0%
айыппұл салу керек 0%
әлеуметтік жұмысқа тарту керек 0%
сотқа жүгіну керек 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
34 Пікір
м
мадина 28.02.2022
ажырасып кеткем балаларымның әкесі қайтыс болған қанша пенсия төленеді
Жауап беру
М
Моля 16.01.2022
2 балаға алимент канша шығады ажыраскан жагдайда
Жауап беру
М
Моля 16.01.2022
2 балаға алимент канша шығады ажыраскан жагдайда
Жауап беру
М
Моля 16.01.2022
2 балаға алимент канша шығады ажыраскан жагдайда
Жауап беру
К
Көшенов Ернұр 14.11.2021
48000 көмекти алу үшін Қай жерге барған дұрыс
Жауап беру
Н
Назира 25.09.2021
4баласы барларға косама пасобие?
Жауап беру
Р
Райхан 25.09.2021
1 топ мүгедек өздігімен тұрып жүре алмайд бір адам әрдайым қасында енді қараған адамғада ақша төлейма?
Жауап беру
Д
Дулат 04.10.2021
Иә, солай сияқты.
Жауап беру
Л
Ляззат 21.09.2021
Рентген лаборант,врачтарга льгота барса, пенсия жагынан,пособия барма
Жауап беру
Ж
Жан 18.09.2021
4ші балалы болдым корточка алама көп балалы деген білесіз бе
Жауап беру
19.09.2021
Берілмейді
Жауап беру
С
Салтанат 19.09.2021
Әрине аласыз
Жауап беру
Г
Гулим 18.09.2021
Тусинбедим,балам 19жаста итакта 48+48 аламыз гой. Енди канша болады дейди сонда?
Жауап беру
Ш
Шадиана 22.09.2021
Жаналыктардада айтты 48+48 едыгой енды балага 65000 тг+48000 тг караушымына сонда жалпы 113000 тг болады деп
Жауап беру
Ж
Жаннет 19.09.2021
37% ке дейін көтеріледі деп тұр, келесі жылдан бастап шығар?
Жауап беру
М
Минура 17.09.2021
Тиісті шара қолдану керек
Жауап беру
А
Асем 17.09.2021
Сотқа жүгіну керек.или айлык табысын жасырса айыппул төлету керек,ата-енесі ажыратып жатса сол кісілерді алимент төлеуге миндеттеу керек.негизи не болса да почему то әйелдерде ғана киналмайды,ал неге еркек кинали емес сол отбасын коргай алмаған,асырай алмаған,сөккен,баласын тастаған,аяғы ауыр айелин соккан,баланы анасыз калдырган.неге? Әйел адам сонда адам емес,темирден жаралған,бакытты болуға дайын емес пе? И так күні бойы Кир жуады,тамак жасайды,бала туады,айта берсең тирлиги көп,пенсияға да 60 келип бирак шығады.неге 45-50 шығармаска.мен алиментке бергенде зарплатын 80 мың деген хотя на самом деле 200.000 тг астам алатын,казир вообще 45 тг .лишь бы бастык налогты аз төлеу ушин,лишь бы еркек өзи тиын татитын алиментти аз төлеу ушин.сонда бала мен ананың кинасы канша?
Жауап беру
М
Меруерт 17.09.2021
Меның ойымша соттау керек
Жауап беру
Г
Гулзат 17.09.2021
Алимент жаксы болдыго айелдерге (барлыгы емес) барлык нарсе айелге байланысты казир келиншектер туат жакпаса ажрасат баратта алиментке берет
Жауап беру
Ж
Жания 18.09.2021
Барган жеріне ойран салып кете береді
Жауап беру
Ж
Жания 18.09.2021
Рас айтасыз,уйленіп,бала туып алса болды,сосын алимент алу парыз сияқты әйелдерге
Жауап беру
А
Асемгуль 17.09.2021
Егер ата анасынын атында баспана болса да уй кезегине тура беруге болма
Жауап беру
Р
Роза 17.09.2021
3топка ешкандай көмек жокпа?жасым 26да
Жауап беру
Г
Гүлжанат 17.09.2021
10 жаста балам бар соған уй кезекке тұруға болама .Мүмкіндігі шектеулі.
Жауап беру
Г
Гаухар 18.09.2021
Баланыз тұрмайды,сиз мумкиндиги шектеули бала асыраушы деп турасыз,атынызда сонгы 5жыл уй болмау керек
Жауап беру
А
Асем 17.09.2021
Иа болады.. Әкімдікке барасыз
Жауап беру
А
Айнур 17.09.2021
көп балалыға берілеме ? күміс , алтын алқасы барларға
Жауап беру
С
Самал 17.09.2021
Әлеуметтік жұмысқа тарту керек сонда айлығын алып отыратын
Жауап беру
А
Аксауле 17.09.2021
Кумыс Алтын алкам бар жалгыз басты ана мын жардемакы осема
Жауап беру
М
Мейрам 17.09.2021
Әлеуметтік жұмыска тарту керек акшасын устап отыратын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл