Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда теріс қылық көрсетіп, жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің қайта жұмысқа тұру үшін енгізілген шектеулер мерзімі өзгереді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
«Бұл норма мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған азаматтарды 3 жыл бойы мемлекеттік қызметке қабылдауды шектейді. Бұл ретте мемлекеттік қызметке осындай тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған азаматтар өмір бойы жіберілмейді.
Конституциялық сот азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруге құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік қағидаттарын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін екенін атап өтті.
Конституциялық Соттың пікірінше, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған азаматтардың жағдайы тәртіптік теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылған адамдармен салыстырғанда жеңілірек», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.
Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 6) тармақшасының ережелері азаматтардың конституциялық құқықтарына қысым жасауға әкеп соғады, әділдік, пропорционалдық және мөлшерлестік талаптарына сай келмейді.
«Заң жобасы Мемлекеттік қызмет туралы заңның 16, 59, 61, 64-1-баптарына түзетулерді қамтиды.
Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді.
Заң жобасында мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау (дифференциациялау) көзделген.
Шектеулер бойынша нормалардың редакциясы өзгергендіктен, 59 және 61-баптарға түзетулермен Заңның 16-бабының ережелеріне тиісті сілтемелер жасалды.
Сондай-ақ келісімшарттық қызметшілер бойынша 64-1-бабы (ұқсас шектеулер) және 2023 жылғы 3 қаңтардағы Заңның нормалары да 16-бапқа сәйкес келтірілген.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды», - деді Дархан Жазықбай.