| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында бірнеше азаматтың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, олардың атына несие рәсімдеген алаяққа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Прокуратураның мәліметінше, қылмыскер жәбірленушілердің жеке мәліметтерін және электрондық цифрлық қолтаңбасын қолға түсіріп, оларды 40 млн теңгеден астам сомада онлайн несие алу үшін пайдаланған.
Алаяқтықтың салдарынан 14 тұрғын зардап шегіп, әрқайсысы өз атына рәсімделген қарыз туралы күтпеген жерден білген.
Сот оның кінәсін толық дәлелдеп, қылмыскерді 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.