Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ЖОО оқытушылардың ең төменгі жалақысы қанша болады?
Жаңалықтар

ЖОО оқытушылардың ең төменгі жалақысы қанша болады?

20.04.2021
1 мин
20
3655

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеру туралы хабарлады. 

"ПОҚ жалақысына қатысты сараптамалық сауалнама жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларының көпшілігінің пікірі бойынша оқытушылар құрамының барлық санаттары үшін ең төменгі жалақы белгілеу қажет екенін көрсетті", - деп хабарлады Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында.

Осыған байланысты БҒМ ЖЖОКБҰ-мен бірлесіп ПОҚ жалақысын одан әрі арттыру үшін есептеулер жүргізді және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушылар құрамының ұсынылатын педагогикалық жүктемесін және ең төменгі жалақысын айқындау туралы бұйрығымен 680 академиялық сағаты бар штаттық оқытушыларға ұсынылатын жүктеме мен ең төменгі жалақы бекітілді.

- оқытушы үшін – 200 000 теңге;

- аға оқытушы үшін– 230 000 теңге;

- қауымдастырылған профессор үшін – 260 000 теңге;

- профессор үшін – 350 000 теңге;

- Ұлттық ЖЖОКБҰ-да профессор үшін – 400 000 теңге.

"Профессор-оқытушылар құрамының пікірінше, аталған ең төменгі жалақы мөлшері жас оқытушыларды жоғары білім беру жүйесіне тарту, оқытушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру және жалпы ПОҚ сапалық құрамын қалыптастыру үшін жеткілікті болып табылады", - деп түйіндеді Е.Тоғжанов.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
20 Пікір
Г
Гаухар 23.04.2021
Ия котерсе екен айтпесе 50 мын тенге ештенеге жетпеид
Жауап беру
Г
Гүлноза 21.04.2021
Садиктегі тәрбиеші нде айлығын көтеру керек
Жауап беру
А
Айнаш 21.04.2021
Депутаттарға миллионға жақын бергенше. Осы педогогтардың қайыссысы болсада.тәрбиешіден,кітапханашыдан бастап Жоо на.адамның еңбегін демеу керек.сол кісілер арқылы балаларымыздың білімі болады.әр үйдің еркесін тәрбиелеу оңай емес.
Жауап беру
Н
Назгум 25.04.2021
Өте дұрыс айтасыз. Баланың биринши тәрбиеші оқытады .
Жауап беру
21.04.2021
Және ЖОО студенттен ақша сұрамайды деп ойлаймын. Айлығын көбейтсе
Жауап беру
Л
Ляйля 21.04.2021
Ұят жағдай... Жеткілікті деп қоя ма???
Жауап беру
Б
Баян 21.04.2021
Аталған факторларды одан әрі жетілдіру мен ғылымдағы тұрақтылық пен дамуды сақтап қалу үшін бұл жалақы тиын тебен. Жетеді деп, мәлімдеме жасапты. ЖОО оқытушылары тең жартысы жалдамалы пәтерде тұрады. Одан қалса жылына бір рет шығаратын халықаралық рейтингтегі СКОПУС пен WoS базасының басылымдарын айтыңыз құны 800 000 тг. Отандық ККСОН басылымдары бар 8000-65 000 тг арасында. Сондағы еңбекақы ешкімнің сапасын көтермейді. Тек жай май жағып қоюда.
Жауап беру
Ж
Жадыра 21.04.2021
Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты ЖОО-ларда қалай болады екен?
Жауап беру
Н
Насиба 21.04.2021
Сонда 200000 жогары енбекакыма? Очень печально десемде
Жауап беру
Э
Эльмира 21.04.2021
Мектеп мұғалімдері бұдан жоғары айлық алады
Жауап беру
А
Айна 21.04.2021
Ну и что? Мектеп мұғалімдері оқушылардың фундаментін қалайды. ЖОО ұнамаса мектепке ауысыңыз
Жауап беру
А
Айнаш 21.04.2021
Ал ЖОО оқытушылары болашақ мұғалімдердің фундаментін қалайды. Айырмашылық бар. ЖОО айылығы квалификация бойынша мектеп мұғалімдерінен анағұрлым жоғары болу керек. Әркімнің еңбегі ақталуы керек деп ойлаймын.
Жауап беру
А
Айна 21.04.2021
Ну и что? Мектеп мұғалімдері оқушылардың фундаментін қалайды. ЖОО ұнамаса мектепке ауысыңыз
Жауап беру
А
Анар 21.04.2021
Күлкілі сандар екен, мектеп мұғалімдерінен де төмен жалақы болды ғой, баспанаң болса жақсы болмаса, қалайша ғылыммен айналысасың
Жауап беру
21.04.2021
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
К
Кунсая 21.04.2021
Күшті ғой
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл