Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда жұмыс беруші мүмкіндігі шектеулі жанды жұмысқа қабылдамаған жағдайда жарна төлейтін болады. Жаңа заңды 2023 жылы енгізу жоспарланып отыр. Жарна сомасы 42 500 теңгені құрайды.
Министр Серік Шапкеновтың айтуынша, көптеген кәсіпорындар мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша норманы 4%-ке дейін орындамайды. Жұмыс берушілер мүгедек жандарға қолайлы жұмыс ұсына алмайтындығын сылтауратады. Сол себепті жұмысқа орналастыру бойынша талап орындалмаған жағдайда өтемақы төлеу ұсынылды.
Аталмыш заң жобасы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарына нұқсан келтірмеуге және оларды қоғамдық істерде белсенділігін арттыруға бағытталған. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылға дейін мүгедек адамдарды жұмыспен қамту барысын 30%-ке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Тағы көру