Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатын азаматтар саны артты
Жаңалықтар

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатын азаматтар саны артты

20.04.2021
1 мин
1
1366

2021 жылы сәуір айындағы жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алатын азаматтар саны артты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 48,7 мың адамды құрады, биыл 24,9 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды», - делінген ресми ақпаратта.

Заңға сәйкес, жұмысынан айырылған қызметкер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі бар. МӘСҚ есебінен азаматтарға жоғалған кірістің 40%-не дейін төленеді.

Ол үшін жұмысынан айырылған қызметкер eGov.kz сайты арқылы тіркеуден өтуі керек. Порталдағы «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайды. Нәтижесінде, халықты жұмыспен қамту орталығы бос жүмыс орнын ұсынады. Ал жұмыс болмаған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеліп, МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға жолданған SMS-хабарламаны растау керек. Аталмыш төлем автоматты түрде тағайындалады.

«Еске сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға бағытталған», - делінген хабарламада.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл