Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісік ауруы бойынша тіркеледі
Жаңалықтар

Жыл сайын 37 мың адам қатерлі ісік ауруы бойынша тіркеледі

30.03.2023
1 мин
0
776

Қазақстанда жыл сайын 37 мың адамнан қатерлі ісік ауруы анықталады. Жалпы онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім қанайналым жүйесі ауруларынан кейін екінші орында деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ақпарат Үкіметтің ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, қазіргі таңда республикада онкологиялық аурулармен ауыратын 205 мыңнан астам науқас динамикалық бақылауда. Осы орайда науқастарға ем көрсету мақсатында  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінбек.

Бұл қаражат жоғары технологиялық сәулелік жабдықтарды сатып алуға және онкологиялық орталықтарды жарақтандыруға, ісікке қарсы препараттарға тапсырыс беруге, мамандарды шетелде оқытуға және басқа да мақсаттарға жұмсалады. Яғни ең тиімді заманауи 17 желілік үдеткішті сатып алу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар кішігірім ісіктердің өзін және  алыс орналасқан метастазаны анықтай алатын позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ КТ) аппараты алынбақ.

фото: artcasting.tv

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл