Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Арыс қаласында #ҚонысТой????
Қасиетті Құрбан айтта әкесіз қалған 4 баланы үйлі етеміз деген тілегіміз қабыл болды. Бұл дәулетті оқырман сыйлаған 63 БАСПАНА кілті.
Қайырымды жандардың арқасында Айгүл ханымға Арыс қаласынан 13 миллионға 4 бөлмелі үй алынды. Баспана жиһаздармен толық жабдықталған. Сондай-ақ жиыны 1 миллион теңгеге техника мен керек заттар алынды. Газ плитасы, шаңсорғыш, көрпешелер мен азық-түлік сатып алдық.
Дәл осындай қуаныш әр шаңырақта болсын! “Әкемізді сағындық” деген балапандардың сөзі жүрегімізді елжіреткен еді. Иә, балалар үшін әке орнын толтыра алмасақ та, біз олардың жақсы баспанада жаңа өмір бастап, болашақтарына сеніммен қарауына себепкер болдық. Айгүлдің екі баласы да сабақты жақсы оқиды. Бұл шаңырақ балалардың бақытты күндері өтетін мекенге айналсын!
Әр шаңырақта той болсын. Қасиетті жұма күні тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!