Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде бірінші шілдеден бастап мемлекеттік қызметкерлерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Хабар 24.
Қазір пилоттық жоба пысықталып жатыр. Нәтижесінде аталған қызметке қызығушылар саны артты. Ірі қалалар мен аймақтардағы еңбекақы айырмашылығы 70%-тен 16%-ке дейін қысқарған. Қазір елде 90 мың мемлекеттік қызметкер бар.
Осы ретте өзге мемлекеттердің әлеуетіне тоқталайық. Оңтүстік Кореядағы көрсеткіш 1 млн 97 мыңнан асады. Мұндағы халық саны 52 млн-ға жуықтаған. Ал Ресейде 2,5 млн адам мемлекеттік қызметте. Соңғы жылдары мұндағы шенеуніктер саны 10%-ке азайған.
Түркияда халық санына шаққанда әрбір 30-шы адам мемлекеттік қызметте. Яғни, 4,7 млн жан экономиканы өркендетіп жүр. Қытайдағы көрсеткіш 7,19 млн адамды құрайды.