| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Меркі ауданында электр желілерін тарту жобасы бойынша атқарылмаған жұмыстар үшін бюджеттен қаржы төленіп, мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жамбыл облысы Меркі ауданында бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты заңбұзушылық тіркелді. Аудан прокуратурасы жүргізген тексеру барысында аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміндегі қаржылық операциялар талданған.
Тексеру нәтижесінде Мынқазан ауылындағы тұрғын үй алабына электр желілерін жүргізу жобасы бойынша жұмыстар толық орындалмағанына қарамастан, мердігер ұйымға қаражат аударылғаны белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі 108 млн теңгеден асады.
Осы дерек бойынша 2026 жылдың 30 наурызында прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Іс материалдары кейіннен ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.