Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Таяуда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйел және өнер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Айтулы шараға елорданың мәдениет саласының белгілі өкілдері қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жиында қоғамдағы қазақ әйелінің болмысы, отбасындағы орны және өнер саласына қызығушылығы жайлы айтылды. Аталмыш тақырыпты іс-шара қатысушы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Құттыбадамова, Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры Құралай Түспекова және белгілі қазақстандық суретші Лейла Махат талқыға салды. Мерекелік жиынға қатысушы филармонияның бас редакторы Зарина Мухамедәлі, шығармашылық ұжымдарының жетекшілері – Арайлым Рахым, Роза Шотқалиева және танымал әртістер - Айгүл Қосанова, Жанар Жүсіпова, Саида Калыкова, Алтыншаш Мұқатаева, Гүлдана Нұрабаева да өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелде бас қосқан нәзік жандылар «Ана жаулығы» халықаралық көрмесіне арқау етіп, жаулықтарын жалғады. Оның ұзындығы-121 метр, ені-180 см қамтыды.
"Әр мәдениеттің ұлттық киімі бар, әр ұлттық киімде костюм элементі және әйел, ана болудың символы орамал бар. «Ақ орамал» - қазақ халқының салт-дәстүрінің киелі атрибуты. Ақ түс ана сүтін, тазалықты, әдептілікті білдіретін қасиетті мағынаға ие. Көптеген қазақ отбасыларын да мұра болып қалған кимешек жәдігер ретінде сақталады", - дейді белгілі суретші Лейлә Махат.