Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
14 наурыз – "Көрісу күні – Амал мерекесі". Бұл - қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан көктем мерекесі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне "Жасың құтты болсын!", "Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!" деп тілек айтады.
Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.
Бұл — қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық, бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі.