Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматылық “Қайрат” клубының және Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы мансабын Лондонның “Челси” клубында жалғастырады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Лондондық “Челси” клубы Дастан Сәтпаевтың трансферіне қатысты нақты шешім қабылдағаны жөнінде ақпарат тарады. Жақын уақытта Алматы мен Лондон клубтары арасында трансфер рәсімделмек. Футболшының келесі аптада ауысуы күтілуде. Дегенмен, трансфердің егжей-тегжейі әзірге белгісіз, себебі Сәтпаевтың жасы 18-ге толмаған.
Еске салсақ, U-19 Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев былтыр желтоқсанда “Челсиде” қаралымда болған. Ол 2023 жылғы маусымда QJ League турнирінің үздік ойыншысы атанып, “Қайраттың” негізгі құрамында дебют жасаған. Сәтпаев Қазақстан кубогы аясында “Ақжайыққа” қарсы матчта (9:0) негізгі құрамда алаңға шыққан. Сондай-ақ, ол Бірінші лигада “Қайрат-Жастар” сапында бес ойын өткізген.