Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» этножурналистика саласындағы республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистер, блогерлер, сарапшылар мен жекелеген авторлардың келісім мен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық этножурналистиканы дамытуға қосқан үлесін таныту мақсатында ұйымдастырған.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов құттықтау сөзінде мемлекет пен азаматтық институттар тарапынан этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстарға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.
ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин өз сөзінде «Байқауға қатысушылар мен жүлдегерлер өздерінің материалдары мен жобалары арқылы мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі факторлары және басты идеологиялық постулаттары болып табылатын ел бірлігі, татулық пен өзара құрметті дәріптеуге үлкен үлес қосып жүр», - деп көрсетті.
Сыйлық Қазақстанда этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде, сонымен қатар осы саланың дамуына қосымша серпін беріп, медиа қоғамдастықтың одан әрі жемісті қызмет етуіне оң ықпалын тигізбек.
Айта кетейік, байқауға жалпы 60-тан астам өтінім келіп түсті.