Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2022 жылдың басынан 2024 жылдың қазанына дейін 6665 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2022 жылдың ақпан айында Ресей Украинаға басып кіріп, қыркүйекте мобилизация жарияланғаннан кейін ресейліктердің көрші елдерге, оның ішінде Қазақстанға ағылуы басталған еді.
ІІМ деректері бойынша 2022 жылы 1 436 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған, олардың 484-і этникалық қазақтар болды. 2023 жылы бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті: 3 505 ресейлік азаматтық алды, оның ішінде 1 303-і қандастар.
2024 жылдың алғашқы 10 айында 1 724 ресейлік Қазақстан азаматтығын алды, 412-і этникалық қазақтар.
2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан ресейліктер саны 90 530 адамға жетті. Оның 10 318-і этникалық қазақтар. Сондай-ақ 2022 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың қазаны аралығында 33 677 ресейлік Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды, 5 642-і этникалық қазақтар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың алғашқы жартысында 37 272 ресейлік Қазақстанда жұмыс істеген. 2022 жылы бұл көрсеткіш 37 200 болған, ал 2023 жылы 66 мыңға дейін артты. Ресей азаматтарының көбісі қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етуде.