Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда дербес деректердің таралуына қатаң жаза енгізіледі: айыппұл 5000 АЕК-ке дейін өседі
Жаңалықтар

Қазақстанда дербес деректердің таралуына қатаң жаза енгізіледі: айыппұл 5000 АЕК-ке дейін өседі

21.01.2026
мин
0
155
Сурет: gov.kz

Енді цифрлық ақпараттың заңсыз таралуына жол бергендерге салынатын айыппұл бірнеше есе артып, қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин дербес деректерді қорғау мәселесіне қатысты маңызды бастамаларды таныстырды. Оның айтуынша, мемлекет бұл салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшуді жоспарлап отыр.

Вице-министр цифрлық деректердің кез келген үшінші тарапқа заңсыз берілуіне жол берілмейтінін атап өтті. Осыған байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтамаған ұйымдар мен жауапты тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдардың ең жоғары шегі 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ.

Сонымен қатар, дербес деректердің жаппай таралуы қоғамға елеулі қауіп төндіретінін айтқан Ростислав Коняшкин мұндай жағдайлар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл шаралар азаматтардың жеке ақпаратын қорғауды күшейтіп, цифрлық қауіпсіздікті жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл