| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында бес жасар бала есігі құлыпталған үйде өртеніп, қаза тапты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
18 қаңтар күні кешке Қызылжар ауданына қарасты Ольшанка ауылындағы пәтерлердің бірінде қайғылы оқиға тіркелді. Үйде 33 жастағы әйел, 31 жастағы ер адам және олардың бес жасар қызы тұрған. Жергілікті биліктің айтуынша, отбасы әлеуметтік қолдауды қажет ететін санатқа жатқызылған.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ересектер пешті жағып, қонаққа кеткенде, бала үйде жалғыз қалып, есігі сыртынан құлыпталған. Өрт шыққан кезде өрт сөндірушілер дереу оқиға орнына жеткенімен, үйден тек күйіп кеткен баланың мәйіті табылған.
Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жергілікті билік жағдайды толық зерттеп, отбасылық бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.