Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қарағандыда колледж студенті есірткі схемасын ұйымдастырғаны үшін 15 жылға сотталды
Жаңалықтар

Қарағандыда колледж студенті есірткі схемасын ұйымдастырғаны үшін 15 жылға сотталды

21.01.2026
мин
0
72
Сурет: видеодан скриншот

Қарағанды қаласында колледж студенті заңсыз есірткі айналымымен айналысып, ел ішінде жасырын тарату схемасын ұйымдастырғаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Тергеу материалдары бойынша студент Telegram арқылы белгісіз “куратормен” байланысып, есірткі заттарын алып, орап, қала ішінде жасырын жерлерге орналастырған. Күніне шамамен 30 жасырма жасағаны анықталды.

Сонымен қатар, ол Таиландтан Қазақстанға есірткі жеткізуді ұйымдастырған. Бұл мақсатта кәмелетке толмаған дропперді тартқан және тапсырысты оның атына рәсімдеген. Сыйақы ретінде студент 400 мың теңге алған.

Ұсталған кезде тәркіленген есірткі мөлшері:

909 грамм каннабис экстракты;

үйінен қосымша 80 грамм;

қаладағы бірнеше жасырма орыннан 3,34 грамм.

Сот шешімі бойынша студент 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл